Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер мен оқу жылын аяқтаған балалар үшін «Соңғы қоңырау» соғылды.

Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей директоры Б.Дуйсенбаев 1 маусым-Халықаралық Балаларды қорғау» күнінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шараны ашып, түлектерді,

ұстаздар мен ата- аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып, түлектерге алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, жоғары деңгейден көріне берулеріне тілектес екендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл күн оқушыларға ғана емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке екендігін атап өтті.Мектебімізден түлеп ұшқалы тұрған 105 түлекті құттықтауға ардагер ұстаздар,ата-аналар келіп, жаңа өмірге басқан алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі. Тарих қойнауына енгелі тұрған бүгінгі қуанышты сәт —әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталады. Сәт сапар, жас түлек!