1. Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей кітапханасы 1985 жылы ең алғаш мектеп ашылғаннан бері жұмыс жасап келеді. Мектеп кітапханасы қорында барлық кітап қоры - 51444 дана, оның ішінде мектеп оқулықтары – 41345 дана, көркем әдеби кітаптар – 10099 дана.

Мектеп кітапханасының кітап қоры - оқулықтар, көркем әдебиет, ғылыми-танымдық, әдістемелік кітаптарды құрайды. Балалар әдебиеті оқушыларға қолжетімді болуы үшін жеке сөрелерге орналасқан. Кітапханашылар кітап көрмелерін, тақырыптық көрмелер ұйымдастырып тұрады.

2.Оқулық қоры – 41345 дананы құрайды.

2021-2022 оқу жылына тамыз айында Қалалық білім бөліміне берілген сұранысқа сәйкес жаңартылған білім бағдарламасы бойынша қайта басылып шыққан 1 сынып оқулықтары алынып, оқушыларға таратылып берілді. Сонымен қатар бала санына байланысты жетіспеген оқулықтар қоры бойынша 2-11 сынып аралығы оқулықтары да оқушыларға толықтырылып берілді. Жалпы мектеп оқушылары 100 % оқулықпен қамтылған.

3.Мектеп кітапханасында 2 кітапханашы жұмыс жасайды.Абдразакова Айдана Умирзаковна – кітапхана меңгерушісі. Кудайбергенова Перизат Тенизбаевна - кітапханашы. Кітапханашылар жоғары білімді маман иелері. Абдразакова Айдана Умирзаковна 2015 жылы «Болашақ» Университеті «Кітапхана ісі» мамандығын тәмәмдаған. Кудайбергенова Перизат Тенизбаевна Шымкент Университетін 2021 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» бакалавры бойынша тәмәмдаған.

2020-2021 оқу жылында кітапханаға тіркелді:

Оқырман саны – 507

Кітапханаға оқырман келу саны – 4187

Кітап беру саны – 5010

1.Кітапханаға күніне 30-40 оқырман келеді. Негізінен бастауыш сынып оқушылары балаларға арналған әдебиеттер алып оқиды. Жоғары сынып оқушылары анықтамалықтар, классикалық әдебиет, ҰБТ-ға дайындық кітаптарын пайдаланады.

2.Кітапхана жанынан «Coworking» орталығы жабдықталып, өз жұмысын жасауда.

3.Кітапханадағы кітап қорын география, қазақ тілі, тарих, математика, физика, бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарына қосымша мәлімет алу үшін пайдаланады.

2020-2021 оқу жылы көлемінде мектеп кітапханасында балаларды оқуға шақыру, кітаптарды насихаттау мақсатында іс-шаралар өткізілді:

1 сынып оқушыларының кітапханаға саяхаты.

Жергілікті жазушы М. Әміреұлының шығармашылығына арналған онлайн іс-шара

Қала мектептері арасында өткізілген Readx жобасы аясында онлайн семинар:

Кітапханада өткізілген көрмелер: