Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 20 қаңтарында «Инновациялық идея- жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі» тақырыбында облыстық семинар болды.Облыстық білім басқармасы, Оқу-әдістемелік орталығы, педагогикалық шеберлік орталығы, Қызылорда қалалық білім бөлімі, қала мектептерінің басшылары мен аудан, қала мектептерінің оқу орынбасарлары қатысқан семинар жоғары деңгейде өтті. Семинар «Робототехника ғажайыптары» көрмесі Қ.Әміртаева,А.Әбдкереева; « Макеттер шеруі» көрмесі Н.Каренеева, Г.Нагашыбаева; «Әлем —балалар көзімен» К.Адылова, Т.Шакизада, Пак Ирина Бон-Иевна, Б.Аманкелдиева,М.Мухамбеткалиева және «Ғылым әлемін ашамыз» ғылыми- шығармашылық көрмесі Л. Пркауова, Н. Нурымова, Н.Сәтпаева,.Ә. Ақерке, Г. Пазылова, Г. Ешмұратова, Ж. Әділханова жасаған көрмелермен және мектебіміздің аты берілген Кеңес Одағының батыры Ж. Қизатовқа арналған мұражай таныстырылымымен ашылды.Жауапты:А.Толыбаева.«Ұлттың үні-домбыра» тақырыбындағы мектеп оқушыларынан құралған оркестр қонақтардың көңілінен шықты.Жетекшісі:Н.Шамаханова. Семинардың ашылу салтанатында сөз алған облыстық оқу орталығының әдістемелік кабинет бөлімінің меңгерушісі Смагулова Гульшат Амантаевна бірлескен жұмыстың нәтижелі боларына сенім білдіріп, семинар жұмысына сәттілік тіледі. «Мектеп-театр» жобасы аясында оқушылар орындаған Шарль Перроның«Золушка» ертегісі көрермен көзайымына айналды..Оқушылардың кейіпкер образын сомдауы,өзіне берілген рөлді шеберлікпен орындап шығуы —семинарға қатысушы қонақтарды ертегі әлеміне ендіріп, балалық шағына саяхат жасағандай әсерге бөледі. Жетекшісі:С.Нурманова,А.Алиев.Көркемдеушіі:Н.Темірхан. Сонымен қатар,«Ата-ана әлеуметтік желіге қарсылық көрсетуі керек пе?» тақырыбындағы дебат оқушылардың қоғамдағы күрмеуі шешілмей тұрған проблеманы қозғап, өздерінің тың иделарымен,кесек-кесек сөз саптауларымен,тығырықтан шығар жол іздеген түйінді ойларымен қызу да,тартысты өтті. Жетекшісі: Н. Ботаев, Л. Жунусова, Т. Ақжолов.«Тіл тұлғалығын қалыптастырудағы эссе жазудың маңыздылығы» тақырыбындағы шеберлік сағатты қазақ тілі мен әдебиетінің білікті маманы, нағыз ұстаз Ғ. Әбенов өткізді. Көрермен тарапынан берілген тақырыптар бойынша эссе жазып, сол сәтте оқып берген оқушылар шығармашылығы көптің көңілінен шықты. Ұстаздың жолға қойылған тынымсыз еңбегінің жемісі жарқырай көрінген тұста, оқушыларына мейірлене қараған ұстазға әріптестер зор құрметпен ілтипат білдірді. Мектебіміздің жалындаған жастарын жарқырата көрсетіп, шеберлік сағат ұйымдастырған орыс тілі мұғалімі Г. Менетаеваның жұмысы өте жоғары деңгейде көрініс тапты. Мектебіміздің мақтанышы, ұлағатты ұстаз—республикалық «Үздік педагог—2022» байқауының жеңімпазы А. Қиясова мен ұстаздан тәлім алған А. Менлибаеваның

«Мұғалімдерді авторлық бағдарлама,педагогикалық идея кәсіби байқауларға дайындауда ескеретін критерийлер» тақырыбындағы шеберлік сағаты семинарға қатысушы ұстаздарға шығармашылық шабыт, ойларына қозғау салды. Маңдай термен келген ұстаз еңбегі көпке үлгі болып,зор қошеметке бөленді. Математика пәні мұғалімі Г.Прназарованың шеберлік сағаты жаңашыл идеяларымен қатысушылардың қызығушылығын оятты.«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы белсенді әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы Б.Дуйсенбекова ,А.Толыбекова ұйымдастырған шеберлік сағат қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.«Оқуға құштар ұрпақ» жобасы аясында Ж. Қуатова, А.Алтынбаева кітапханашы А. Абдразакованың бірлескен жұмысы оқушыларлың кітап оқуға құштарлығын оятатын әдістерді көрсете білуімен құнды болды..Қоғамдағы өзекті мәселе «Инклюзивті білім беру» мәселесін көтеріп, шеберлік сағат көрсеткен Г. Каниева мен инклюзив мамандарының жұмысы көптің көңілінен шықты. Сондай-ақ, Б.Беккулиева, М. Шералы, А. Ашимованың «Интерактивті инновациялық SMART тәсілдер» тақырыбындағы шеберлік сағаты, информатика мұғалімдері . Д.Ақжігіт пен А.Әлібектің « SMART ұстаз» шеберлік сағаты да қатысушы ұстаздар тарапынан жоғары бағаланды. «Ұлттық спорт-ұлт құндылығы» тақырыбындағы дене шынықтыру пәні мұғалімдері:Г.Мендыбаева, А.Сыздыков, Е.Алматов, В.Белгибаев т.б.ұстаздардың бірлескен шеберлік сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушыларымыздың ұлттық ойындарға деген қызығушылығы көңілге қуаныш сыйлады. Семинарды қорытындылаған мектеп-лицей директоры Б. Дуйсенбаев семинар қатысушыларына өз алғысын, ризашылығын білдірді.Семинар соңы марапатқа ұласып, жақсы әсер, керемет көңіл-күймен аяқталды. Ұстаздардың ойына ой салатын, шығармашылығын шыңдайтын, ізденіске бастайтын, мектептегі жолға қойылған жұмысты одан әрі жандандыруға түрткі болатын осындай керемет жұмыстар, тәжірибе алмасулар, семинарлар одан әрі жалғасын табады.