Аталған салтанатты іс-шарада мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті. Байқаудың республикалық кезеңінде «Үздік педагог-2022» атағына 123 мұғалім үміткер болды.Олар байқауға қатысушы 5,5 мың педагогтің арасынан іріктеліп алынды. Конкурс қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз анықталды. Бабы мен бағы қатар келген ұлағатты ұстаз, Ж. Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі Киясова Айгүл Райымбекқызы топ жарып,жеңімпаз атанды. Өз ісінің майталман маманы,«Ұстаз»-деген ардақты аттың иегері Киясова Айгүл Райымбекқызы «Үздік педагог» атағына лайықты тұлға.Айгүл Райымбекқызын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт,толағай табыс тілейміз.Қызылорда облысының, Қызылорда қаласының және өзінің еңбек еткен білім ордасының абыройын асқақтататын ұстаздар қатары көбейе берсін!!!






